Атырау, 5 қазан 22:46
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бағаны көтермеңіздер»: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады

1 172 просмотра

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9-шы шілдеге белгіленген. Осыған орай Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады. Ол азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтты. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс жасайды деді.

Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти: 

Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні Алла қаласа арафа күні болады.Ал енді құрбан айт мерекесенің алғашқы күні, Алла қаласа Құрбан айт күні ол тоғызыншы шілдеге келіп отыр.Алла тағала баршамыздың тілегімізді-ниетімізді қабыл етсін.

1 шілде 2022, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.