Атырау, 5 қазан 22:42
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Атырау – Дина Нұрпейісова» пойызына екі вагон жалғанды, одан көп болуы да мүмкін

1 080 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

«Атырау-Дина Нұрпейісова» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызына 52 орыннан тұратын қосымша екі плацкарт вагоны жалғанды. Жаңа құрам 1 шілдеден бастап жолға шықты.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, вагондарда жолаушыларға қолайлы болу үшін салқындатқыш та қосылған.

 - Бүгінде билеттер электронды платформаларда да сатылуда. Қоғамның осал топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарастырылған. Олар билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады, - деп хабарлады Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Бұған дейін аймақ тұрғындары жолаушылар пойызындағы вагон санын көбейту туралы бастама көтерген еді. Басқармадағылар алдағы уақытта сұранысқа байланысты қосымша вагондар қосу мүмкіндігі бар екенін айтты.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

4 шілде 2022, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.