Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Алматыда қандай штамм коронавирустың өршуіне себеп болды?

1 236 рет қаралды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство 16 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтырғандар саны артқанын атап өтті.

"Тәуліктік өсім 0,032 пайызға, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық көрсеткіші 16,63-ке, репродуктив саны 1,78-ге жетті (республикалық көрсеткіш - 1,76). Бұл көрсеткіш бір науқастан бір-екі адам коронавирус жұқтырғанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы "жасыл" аймақта тұр, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"23 маусымда 74 оң ПТР-сынамасы жеткізілді, оның 58 үлгісі (78,4 пайыз) стелс-мутация ықтималдығын көрсетті, 16 үлгі (22 пайыз) - омикрон мутациясы (толық геномды секвенирлеу бойынша зерттеу жүргізіліп, растау керек). Бұл нәтижелер COVID-19 індетінің қазіргі себебі стелс-омикрон вирусының бір түрі екенін көрсетеді", - деді санитария дәрігерлер.

30 маусым 2022, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.