Атырау, 24 сәуір 19:23
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Нұр-Сұлтанда Volga Dnepr Airalines ұшағына қойылған шектеу алып тасталды

759 просмотра

Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайынан босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімшілік іс қозғалды, кедендік ресімдеу жүргізілді, сондықтан ұшақ шығарылды және елорда әуежайынан ұшып кетті", - деді МКК өкілдері.

Еске салайық, 26 маусымда сағат 13.40-та елорданың "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Үрімші - Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағытындағы РА-82074 ұшағы қонғаны айтылды. Ұшақ экипажы мен олардың өкілі кедендік құжаттарды, кедендік операцияларды жүргізу үшін мәліметті дер кезінде ұсынбаған. Сондықтан кеме ұшудан шектелгені айтылған болатын.

30 маусым 2022, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.