Атырау, 10 тамыз 04:00
 ашықВ Атырау +33
$ 478.39
€ 489.68
₽ 7.95

Заңгер Тигран Кеосаянды сотқа берді

706 просмотра

Белсенді заңгер Жангелді Сүлейманов қазақстандықтарға ашық қоқан-лоққы көрсеткен ресейлік журналист Тигран Кеосаянды сотқа берді. Заңгердің пайымынша, Кеосаян айтқан сөздері үшін заң алдында жауап беруі керек, ал қазақтар үнсіз қалмауы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кеосаян бүкіл халқымыздың намысына тиді, ол сөзсіз. Бұл істегі ұстанымы үшін СІМ-ге рахмет. 

Бірақ қазақтар да жауап беруі керек. Заңға сәйкес, жауап беруші шетелдік азамат болса да, мұндай істер бойынша Қазақстан сотына арыздануға болады. 

Кеше мен Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотына осындай шағым түсірдім. Соттан сұрайтыным тек бір нәрсе. Кеосаян айтқан сөзін теріске шығарып, ютуб арнасына жаңа видео жарияласын. Одан басқа ештеңе қажет емес", - деп жазды заңгер Facebook-те. 

Айта кетейік, Тигран Кеосаян Қазақстанға ашық қоқан-лоққы жасап, балағат сөздер айтқан болатын.

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?", — деген еді ол.

27 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік үгітшінің мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, ол Қазақстанға кіруге рұқсат берілмейтін тұлғалар тізіміне қосылу мүмкіндігін жариялады. Қарапайым қазақстандықтар да Кеосаянның шабуылдарын қатты сынаса, қазақтың белгілі актері Досхан Жолжақсынов тіпті ресейлік насихатшыны Италияның ұлттық фашистік партиясының жетекшісі Бенито Муссолинимен салыстырды.

29 маусым, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.