Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Тимур Құлыбаев ірі мұнай трейдеріндегі үлесінен бас тартты

1 692 рет қаралды

Оның мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны жарияланбады.

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев қытайлық CNPC компаниясының бақылауындағы мұнай және мұнай өнімдерінің ірі трейдері "Petrosun" ЖШС-дегі 49% үлесін мемлекеттік энергетикалық компанияға тапсырды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Скляр Құлыбаевтың мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын айтпады. 

Ескере кететін жайт, "Petrosun" ЖШС қазақстандық мұнайдың басым бөлігін нарыққа шығарар алдында сатып алып, өңдеумен айналысады.

29 маусым 2022, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.