Атырау, 10 тамыз 03:35
 ашықВ Атырау +33
$ 478.39
€ 489.68
₽ 7.95

Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

533 просмотра

Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өйткені, қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған көрінеді. 

«Әуелгі әңгіме көмекші боп келген марқұмның қарызға ақша алуынан басталды»,– дейді қала тұрғыны.

Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан.

«Мұның бәрін былтыр  26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай құжат жинап жүрмін», – деді қала тұрғыны Фидан Абилова

Фидан Абилова жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – деді  Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.

29 маусым, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.