Атырау, 25 желтоқсан 17:44
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

ҰҚК Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелетін контрабандалық арнаны жойды

1 043 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелетін контрабандалық арнаның жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"24 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттарды ірі көлемде (таблетка түрінде) шетелден контрабандалық жолмен жеткізетін арна жойылды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Онкологиялық ауруларды емдеу үшін медициналық мекемелерге жіберілетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

28 маусым 2022, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.