Атырау, 25 желтоқсан 17:44
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Қаржы пирамидалары туралы заң жобасы мақұлданды

1 155 рет қаралды

Бүгін сенаторлар қаржы пирамидалары туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады. Құжатқа сәйкес енді мұндай ұйымдарды жарнамалайтындар қылмыстық тауапқа тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Пирамиданы ұйымдастырғандар да қатаң жазаланады. Айтар кетерлігі, биыл бүкіл Қазақстан бойынша 17 мың адам алаяқтарға сеніп, ақшасын инвестициялаған. Салдарынан олар 27 миллиард теңгеден айырылды. Былтыр елде 180 қаржы пирамидасы тіркелсе, осы жылы мұндай бірлестіктердің саны 225-ке жетті. Барлығы 158 адам қылмыстық жауапқа тартылып, 53 адам сотталды. 

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

– Қаржы пирамидаларын жарнамалаған азаматтарға қатысты істермен ішкі істер органдары және экономикалық тергеулер қызметі айналысады. Осы құжат күшіне енгенде, бірқатар кодекс пен заң өзгертіледі. Оның арасында жарнама туралы заң да бар. Біздің ойымызша, жаңа құжат қаржы пирамидаларын ұйымдастырудың алдын алып, оларды жарнамалауға ниеттілерге тосқауыл қояды.

28 маусым 2022, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.