Атырау, 25 сәуір 11:06
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Томирис Байсафаның ісі бойынша сотталушының адвокаттары үкімге қарсы шағымданбақ

833 просмотра

Қазақстандық студент қыздың өліміне кінәлі деп танылған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласы Мұртузали Меджидовтың адвокаттары апеллияциялық шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Мәскеудегі Измайлов сотының қазылар алқасы Томирис Байсафаны өлтіргені үшін Меджидовты 13 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бір жылдан кейін қайта қаралған істе Мұртузали Томиристі терезеден қасақана итеріп құлатқаны дәлелденген. Тергеу шаралары мен сот талқысы үш жыл уақытқа созылды.

Жақында Мәскеуден оралған Томиристің анасы Жанна Ахметова Мұртузали Меджидов кінәсін сол күйі мойындамады, бізден кешірім де сұрамады деп қынжылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Наурыз айынан бері сот өтті. Аптаның сейсенбі мен бейсенбі күндері. Мен апелляцияға шағым түсіргенде осы істі Измайлов сотына жіберді. Бірақ Меджидов кінәсін мойындаған жоқ. Оның отбасы мүшелері төрт жыл ішінде көңіл айтуға да жарамады. Мен қатты шаршадым. Соңына дейін күрестім. Соттың соңғы шешімімен келісемін. Осымен тоқтаймын. Ешқайда шағым түсірмеймін.Марқұм Томиристің анасы Жанна Ахметова

Алайда, Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлының адвокаттары сот үкіміне нүкте қоюға әлі асықпайды.

Алқабилер алқасының үкімімен және сот үкімімен келіспейміз. Біз апелляциялық шағым түсіреміз. Біз құжаттар дайындаумен айналысып жатырмыз.Адвокат Людмила Устюгова-Розенблум

Апелляциялық шағым үш айдан сегіз айға дейін қаралады. Муртузали Меджидов қазір қамауда.

Айта кетсек, 2018 жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтында оқитын отандасымыз Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Ауыр жарақат алған қазақстандық студент сол күйі есін жимастан қайтыс болды. Алғашында тергеу комитеті "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғады. 2020 жылдың шілдесінде Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы, беделді бизнесменнің ұлы Мұртузали Меджидов Томиристің өліміне қатысты күдікті ретінде қамауға алынды. Алайда былтыр жазда өткен қазылар алқасының қатысуымен өткен сотта  ақталып шығады. Бірақ марқұм қыздың ата-анасы бұған келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсіреді. Осылайша бұл іс қайта қаралып, экс-шенеуніктің баласы 13 жылға темір торға тоғытылды.

28 маусым 2022, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.