Атырау, 21 ақпан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

«ҚазТрансГаз Аймаққа» бес миллион теңгеден астам айыппұл салынды

1 066 рет қаралды

Компания 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңге болатын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.

Алайда, Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған.

27 маусым 2022, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.