Атырау, 13 тамыз 22:24
 ашықВ Атырау +27
$ 476.01
€ 490.15
₽ 7.81

Жанар-жағармай бағасы қымбаттады

1 043 просмотра

Энергетика министрі жанар-жағармай бағасын өзгерту бойынша арнайы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұйрық жобасы ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның барлық аймағында жанармай мен дизель отынының шекті бағасы өзгереді.

Атап айтқанда:

1) АИ-80-нің шекті бағасы литріне 89 теңгені құрайды;

2) АИ-92 және АИ-93:

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – литріне 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 230 теңгеден.

Бұл ретте АИ-95 және қысқы дизель отынының бағасын реттеу қолданылмайды.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік 180 күн ішінде қолданылады. Яғни, мұндай бағалар 2023 жылдың қаңтар айының басына дейін бекітіледі.

Құжатта мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу көрсеткіші мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағасы, еуропалық нарықтарға тасымалдау шығындары, акциздер, операциялық және басқа да шығыстар ескерілетін формула бойынша айқындалатыны атап өтілген.

Мәселен, «қара алтынның» барреліне 130 доллар құнын есептегенде шекті бөлшек сауда бағасы: АИ-92 маркалы бензин – литріне 236 теңге, дизель отыны – литріне 420 теңге болады.

АИ-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халыққа салмақ салатынын ескере отырып, 2025 жылға дейін АИ-92 және АИ-93 жанармайының бөлшек саудадағы шекті бағасын біртіндеп өсіру ұсынылды.

24 маусым, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.