Ил-76 әскери ұшағы Рязань маңында құлады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.
Ил-76 ұшағы Орынбордан Белгородқа шыққан, ал Рязаньда жанармай құю жоспарланған.
Апат кезінде бортта 9 адам болған, оның үшеуі қаза тапты. Борттан барлық адам шығарылып, медициналық мекемелерге жеткізілген.
"24 маусымда Ил-76 әскери ұшағы Рязань облысына қонды. Жүксіз оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде қозғалтқышта ақау анықталған соң, қону туралы шешім қабылданды. Жерге жақындағанда ұшақ жартылай құлады", - делінген РФ Қорғаныс министрлігі хабарламасында.
Апаттан кейін өрт басталған, бірақ ол толық сөндірілген.