Атырау, 20 сәуір 03:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Келісімшартсыз құқығыңды қорғай алмайсың

1 553 просмотра

Еңбек шартынсыз жұмысқа орналасқан адам қандай тәуекелге барады? Бұл сауалды біз Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Думан ӘБЕУОВКЕ қойған едік. Оның айтуынша, ол көптеген жағымсыз салдарға соқтыруы мүмкін. Төменде тізім берілген.

Жұмыс істеген уақыты еңбек өтіліне есептелмейді; зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізілмейді; жалақыны сот тәртібімен толық көлемде өндіріп алу мүмкін болмайды; кейін қызметкердің табысы мен төлеу қабілетін дәлелдеуге қатысты мәселелер туындайды (мысалы, банктен несие ресімдеген кезде). Бұл тізімге сонымен қатар жұмыс берушінің өз құқықтарын теріс пайдалануы; қызметкерге қосымша міндеттеме жүктеп, заңды кепілдік мен өтемақыларды бермеу де жатады.

– Сонымен қатар, бейресми жұмыс істейтін жұмысшылар ақылы еңбек демалысын, сырқаттануға қатысты төлемақы ала алмайды, бұл бейресми жұмыс істейтін әйелдердің декреттік төлемдер мөлшеріне де әсер етуі мүмкін. Осылайша олар әлеуметтік сақтандыру, құқықтық қорғау және медициналық сақтандыру жүйесінде болмайды, – дейді Д.Әбеуов. - Сондықтан Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған көшірмесін талап етуге кеңес береді. Жұмыс берушінің еңбек шартын жасамауы қолданыстағы заңнаманы бұзуы болып табылады және міндетті түрде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

24 маусым 2022, 02:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.