Атырау, 24 қараша 16:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Pew Research: Путинге деген сенім бұрын болмаған деңгейге төмендеді

895 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі ең ұнамсыз лидерге айналды. Америкалық Pew Research зерттеу орталығы әлемнің 18 елінде қоғамдық пікірді анықтау үшін жүргізген сауалнама қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оған сәйкес, Ресей басшысына респонденттердің 9 пайызы ғана қолдау білдірген, ал 90 пайызы Путиннің саясатына үзілді-кесілді қарсы екенін айтқан. Кейінгі 20 жылда халықаралық қауымдастықта Путиннің беделі мұншалықты құлдырамаған еді дейді зерттеу авторлары. Қоғамдық Зерттеуге Ресей тұрғындары қатысқан жоқ.

АҚШ-та сауалнамаға қатысқандардың небары 6 пайызы ғана Путинге оң баға берсе, 77 пайызы оны суқаны сүймейтінін айтқан. Германияда бұл көрсеткіш тиісінше 14 және 85 пайызға тең.

Бұған қоса тұтастай алғанда Ресейдің рейтингі де құлдыраған: сауалнамаға қатысқандардың 85 пайызы Ресейді жақтырмайтынын мәлімдеген. Әсіресе Польшада Ресейге қарсы көзқарас күшейіп тұр: бұл елде сауалға жауап бергендердің 97 пайызы Ресейді ұнатпайды немесе өте жек көреді.

АҚШ тұрғындарының 92 пайызы Ресейді жаратпайтынын (69 пайызы – көзқарасы өте нашар екенін) білдірген. Ал Италияда Ресейге сенетіндер – 14 пайыз, 2020 жылы бұл көрсеткіш 48 пайызға тең болған еді.

Малайзияда сауалнамаға қатысқандардың жартысы Ресейге қырын қарайды, бұл елде Путиннің рейтингі Ресейдің өзіндегіден де жоғары деп жазады зерттеу авторлары.

АҚШ президенті Джо Байденге сенім білдіретіндер деазая бас лдайтындар саны әлі де көп. Зерттеу жүргізілген елдердің барлығында (Израильдан басқа) Байденді қолдау көрсеткіші, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың билікте болған кездегі рейтингімен салыстырғанда әлі де жоғары.

Еуропа лидерлері арасында Франция президенті Эмманюэль Макрон (59 пайыз) және Германия канцлері Олаф Шольц (59 пайыз) көбірек қолдауға ие. Әйткенмен осы көрсеткіш бойынша Олаф өзіне дейін канцлер болған Ангела Меркельге жете қойған жоқ.

Қытай басшысы Си Цзиньпинге сауалнамаға қатысқандардың тек 18 пайызы оң баға берген.

23 маусым 2022, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.