Атырау, 21 ақпан 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды - ҰҚК

1 245 рет қаралды

Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

22 маусым 2022, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.