Атырау, 9 мамыр 01:19
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады

748 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді. Діни форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзатты әлеуметтік-рухани бағытта дамытудағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд Хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді.

22 маусым 2022, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.