Атырау, 10 қыркүйек 13:50
 дождьВ Атырау +18.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

ІІМ жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілетінін айтты

1 142 рет қаралды

Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады (қазір - 1-ден 17-ге дейін).

"Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19 және Ұлытау облысы - 20 кодын беру ұсынылды", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңа облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстыру қажет емес екені де айтылды.

22 маусым 2022, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.