Атырау, 10 сәуір 20:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

​Елорда маңындағы өрт екі тәуліктен кейін сөндірілді

878 рет қаралды

Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл ауданы маңындағы өрт екі күннен кейін сөндірілді. Үлкен Талдыкөлде құрғақ қамыс өртенді. Өртке отты абайсыз қолдану себеп болғаны айтылуда. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше сағат 18:53-те өрт ауыздықталып, ал бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Оның тұтануына отты абайсыз қолдану болуы мүмкін. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


22 маусым 2022, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.