Атырау, 24 қараша 16:06
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейлік журналист Нобель сыйлығын сатып жіберді

1 074 просмотра

Ресейлік журналист Дмитрий Муратов Нобель сыйлығын аукционға шығарып, 103,5 млн долларға сатып жіберді. Оның Нобель медалі Heritage Auction бәссаудасында рекордтық бағаға өтті деп жазады BAQ.KZ РИА-Новости басылымына сілтеме жасап.

Лоттың бастапқы бағасы 550 мың долларды құраған. 

Бүгінгі бәссаудадан түскен қаражаттың барлығын ЮНИСЕФ-ке береміз, - деп хабарлады Муратов аукцион басталар алдында. 

Айтуынша, аталған ұйым ол қаражатты Польша, Ресей, Германия, Молдавия, Словения, Чехия мен Венгриядағы босқын балаларға көмектесуге жұмсайды. 

Егер ЮНИСЕФ сондай шешім қабылдаса және қомақты сома жинай алсақ, олар ақшаның бір бөлігін Африка мен Лаостағы босқын балаларға да береді, - деп мәлімдеді журналист.  

Белгілі болғандай, бәссаудаға шығарылған Нобель медалін сатып алуға ниетті адам бірнеше минуттардан соң табылған. Телефон арқылы хабарласқан белгісіз сатып алушы бірден 103,5 млн доллар беруге әзір екенін жеткізген. 

Нобель сыйлығын Дмитрий Муратов пен филиппінлдік журналист Мария Ресса 2021 жылы  «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін иеленген еді. Медальді аукцион арқылы сатқысы келетін ниетін Муратов наурыз айында мәлімдеді. 

21 маусым 2022, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.