Атырау, 6 қазан 03:45
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қараусыз қалған ғимарат өртенді - видео

Бейнежазба
1 412 просмотра

Мұнайшы ықшамауданында түнде қараусыз тұрған екі қатарлы ғимараттан өрт шықты.

"20 маусым күні сағат 22.03-те Атырау қаласы, Мұнайшы ықшамауданы, 7 көшесінде қараусыз тұрған екі қатарлы ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына жеткен кезде 12х40 м болатын қараусыз тұрған екі қабатты ғимараттың жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 23.20-да оқшауланып, сағат 00.36-да өшірілді", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ (23 қызметкер және 5 бірлік техника), АМӨЗ (4 қызметкер және 1 бірлік техника), "Ақберен" (2 қызметкер және 1 бірлік техника) мекемелері жұмылдырылды.

21 маусым 2022, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.