Атырау, 5 маусым 17:54
 дождьВ Атырау +28.3
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Тоқаев Дохада өтетін экономикалық форумға қатысады

950 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ертең, 21 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады", - делінген хабарламада.

Ал 23 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесетіні хабарланды. 

20 маусым 2022, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.