Атырау, 25 сәуір 05:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік бағдарламалар құтқара ма?

1 380 просмотра

Бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасының құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 5265 адам босатылды, оның 2095-і - Атырау облысының тұрғындары. Еске салсақ, жыл соңына дейін Теңіздегі 39 мың жұмысшы кезең-кезеңімен шығарылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ККЖ-дан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Соған сәйкес, биыл ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында 10 654 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Атап айтқанда, «“Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша 150 адамды, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» бойынша – 373, «2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» – 6488, «Мықты аймақтар – ел дамуының драйвері» – 928, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» – 383, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқылы технологиялық серпіліс» – 186, « Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» – 1550, «Жасыл Қазақстан» – 518 , «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 78 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

– Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар аясында 9 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, – дейді Г.Аманғалиева.

Оның мәліметінше, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысына 2000 адам (іске асыру мерзімі: 2021-2023 жж.), оның ішінде Атырау облысынан 1500 адам жұмылдырылады. Ал бутадиен өндірісі бойынша (іске асыру мерзімі 2022-2025 жж.) құрылыс кезеңінде тағы 2000 адамды; тазартылған терефтал және полиэтилен-терефталат өндіру бойынша (іске асыру мерзімі: 2022-2025 жж.) – 500 адамға дейін, оның ішінде 400-ін Атырау облысынан; NCOC компаниясының Қашаған жобасы аясында күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге (іске асыру мерзімі: 2022 жыл) – 1800 адамға дейін (оның 1100-і Атырау облысының тұрғындары) жұмыспен қамту жоспарлануда.

Айнұр САПАРОВА

20 маусым 2022, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.