Атырау, 8 мамыр 21:39
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Келесі жылдан бастап адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады

729 просмотра

Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәми 5 маусымда өткен референдум еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға болғанын атап өтті. Айтуынша, Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашты.

"Жеке адамның құқығын қорғау әрі қарай күшейтілді. Осы реформа аясында Конституциялық кеңес орнына Конституциялық сот құрылатын болды. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады", - деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңестің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жыл сайынғы жолдауын жария етіп.

Сондай-ақ, реформа аясында президенттің тікелей ұсынысымен Конституциялық сотқа жүгіну субъектілеріне Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қосылды.

"Жоғарыда аталған өзгерістер елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау жүйесін әрі қарай тереңдетуге жол ашты. Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның Конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды", - деді Конституциялық кеңес төрағасы.

Айтуынша, қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр.

20 маусым 2022, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.