Атырау, 20 сәуір 09:10
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Босқа қоңырау шалып, уақытыңды алма

985 просмотра

Жыл басынан бері Атырауда лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі сотқа жолданған. Сонымен қатар, қала прокуратурасы жарылғыш заттарды үйде жасауды үйрететін екі сайтты бұғаттады.

«Бомба» туралы жалған қоңырауларға арнайы қызмет әрекет етуге мәжбүр. Бұл кезде әртүрлі мекемелердің қызметі тоқтатылып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылады. Әсіресе, жалған террористер мектепті «ұнатады». Мәселен, 27 ақпанда Атырау ҚПБ-на Хиуаз Доспанова атындағы №18 орта мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Бірақ сапёрлар ол жерден ештеңе таппады. Кейін сотта жалған хабар беруші шынайы өкініп, мемлекетке келтірілген шығынды өтеді. Осыны ескере отырып, Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша ең ауыр жаза 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтініне қарамастан, ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

Қала прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН: 

– Мен бұл «әзілқойларды» түсінбеймін, оның үстіне 100 пайыз дерлік жағдайда олар табылып, қатаң жазаланады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 маусым 2022, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.