Атырау, 18 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстандық мұғалім Apple компаниясының оқытушысы атанды

840 просмотра

Информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин Apple компаниясының Swift бағдарламалау тілі бойынша сертификатталған оқытушысы атанды, деп хабарлайды Sputnik

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогі Қуаныш Мағауин Apple курстарынан өтті. Ол емтиханды сәтті тапсырып, қазақстандық мұғалімдер арасында алғаш болып сертификат иеленіп, қазақстандық мұғалімдер арасында бірінші болып Apple-оқытушысы атанды.  

Енді информатика пәнінің мұғалімі әлемнің үздік әзірлеушілері білім саласындағы жаңа жобаларын таныстыратын Apple Education эксклюзивті іс-шараларына қатыса алады.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда IT-индустрия, соның ішінде білім беру саласында да қарқынды дамып келеді. Біз электронды оқулықтар мен күнделіктер қолданатын, сондай-ақ емтихандар мен олимпиадаларды онлайн форматта өткізетін санаулы елдердің қатарындамыз", - дейді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин.

Тәлімгерлер дәрісті ағылшын тілінде өткізген.

"Менің тобымда, негізінен, қосымшаларды әзірлеуде мол тәжірибесі бар IT-мамандар оқыды. Ал мен топтағы жалғыз мұғалім болдым. Барлық емтиханды тапсырып, Apple оқытушысы мәртебесін алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта мектепте оқушыларға арналған мобильді қосымшалар әзірлеу бойынша курстар өткізіп, әріптестеріммен алған тәжірибемді бөлісуді жоспарлап отырмын", – деді ол.

Педагог Қуаныш Мағауиннің арқасында ол жұмыс істейтін мектепке Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесі автоматты түрде берілді.

Енді Мағауин жұмыс істейтін елордадағы Республикалық физика-математика мектебі Swift қосымшасын жасау бойынша курстар өткізіп, оқушыларды сертификаттап, оқу орнында Apple classroom зертханасын аша алады.
17 маусым 2022, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.