Атырау, 16 сәуір 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атырауда Медицина қызметкері күні аталып өтті

1 748 просмотра

Осы мереке қарсаңында М. Өтемісұлы атындағы драма театрында ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.
 
Салтанатты жиынға келген ардагерлердің біразын әңгімеге тарттық.
 
Сәния Қойтанқызы Нысанова, 1973 жылдан бері медбике болып жұмыс істейді, қазір құрметті демалыста:

- Шақырғаныңызға, гүлдеріңізге рахмет. Қазіргі жас дәрігерлерге Гиппократ антын ұмытпаса екен деймін, өйткені, оны үнемі және бәрі есте сақтай бермейтінін байқаймын.
 
42 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Милита Михайловна Ликарова өзінің еңбек жолын медбике болып бастады.
 
– Осы қиын, бірақ мәртебелі мамандыққа қатысы бар барша жандарды шын жүректен құттықтаймын. Қазір олар үшін мүмкіндік көп, жаңа технологиялар мен аппаратура бар, біздің заманымыздағыдай емес. Алға, жастар! Өзім зейнеткерлікке шықсам да, көңілімде дәрігер болып қала беремін.

47 жыл еңбек өтілі бар медицина қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Сара Бақтығалиқызы Ескендірова зейнет жасына қарамастан, әлі күнге дейін мамандығы бойынша жұмысын жасап жүр: 

– Біздің кезімізде жұмыс істеу қиын еді, барлығы қолмен жасалатын, аппаратура жетіспейтін. Қазір жаңа заман, тек еңбек ету керек! Мен жастарға "егер осы мамандықты таңдаған екенсің, онда мейірімді бол, адал және кәсіби түрде атқар, өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығы саған байланысты", деп үнемі айтып отырамын. 

Кеш соңы мерекелік концертке ұласты. 

Елена СҮНДЕТОВА

Суреттерді түсірген автор

17 маусым 2022, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.