Атырау, 29 наурыз 10:42
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түйе мен жабайы қабан қауіпті болуы мүмкін

1 764 просмотра

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық комитеті Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында бүргеден оба ауруы қоздырғыштары табылғанын хабарлады.

Осыған байланысты мамандар ауылшаруашылығы жануарларын, соның ішінде түйе малдарын бақылауда ұстау, обаға қарсы екпе жасау, зиянкестер шақпас үшін дәрілермен залалсыздандыру қажеттігін қаперге беруде. Олар сондай-ақ мал дәрігерінің бақылауынсыз түйе малын соймауды, ауру белгілері байқалған бойда дереу хабарлау қажеттігін сұрайды.

- Ақжайық ауданымен көршілес Индер ауданында 88 шаруа қожалығы және жеке тұрғындардың АШЖБ дерекқорында 4682 бас түйе малдары тіркелген. 2022 жылы Индер ауданында 3900 бас түйе малы жоспар бойынша оба ауруына қарсы егілуі тиіс болса, соның 2600 басы егілді, қалғаны жоспарға сай егіледі.

Махамбет ауданында 53 шаруа қожалығы мен жеке тұрғындарда дерекқорда 4718 бас түйе малы тіркеуде тұр. Жоспар бойынша 3500 бас түйе малы егіледі, - деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Мырзабек ДҮЙСЕНОВ.

Тағы бір қауіпті мәселе бар. Астрахань облысының Володарск және Красноярск аудандарында жабайы қабандардан «африкалық шошқа обасы» анықталды. Олармен Құрманғазы ауданы шектеседі, сондықтан қазір мемлекеттік органдар жергілікті аңшыларға қабанның өлексесі туралы хабарлауды ескертеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 маусым 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.