Атырау, 24 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Пәтердің есігін бұзып ашып, үй иесін құтқарып қалды

2 459 рет қаралды

16 маусымда сағат 9.29-да Құлсары қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетіне "1-ықшамаудандағы №22 үйдің ішінен құлыпталған пәтерден дыбыстар естіледі, соған қарағанда оның ішіндегі адам қауіпті жағдайда, сондықтан есікті ашу керек" деген полициядан хабарлама келіп түсті.

- Оқиға орнына жеткен құтқарушылар пәтердің есігін ашып, сол жерде ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамды есін жиғызып, ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. Құлсары қаласының 41 жастағы тұрғынын құтқаруға қызметкерлер Нұрсұлтан Әділбаев, Төлеген Елеусінов және Саламат Шындәулет қатысты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 маусым 2022, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.