Атырау, 29 наурыз 14:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы әуежайы арқылы шетелге заңсыз ақша алып өтушілердің саны азаймай тұр

976 просмотра

Жыл басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері 528 милллион теңгені заңсыз алып өтпек болған жеке тұлғалардың жолын кесті. Олар Алматы қаласының әуежайы арқылы алып өтпек болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері осы кезеңде ӘҚБтК-нің 551, 545-баптары бойынша 103 әкімшілік құжат толтырған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 деректі анықтады.

"Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақшаның көлемі 528 миллион теңгеден асты, осы құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы — 3,2 млн теңге. Мәселен, қаңтарда Алматы-Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында Қазақстан азаматы тексерілді, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша болған. Сол сияқты, ақпанда Алматы-Ыстамбұл әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу кезінде 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылды", — деді Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Материалдар экономикалық тергеу департаментіне беріліп, күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мамырда Сеул-Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақшасы бар тұрғын ұсталған еді. Ал маусым айының басында ұшып келу залында Дубай-Алматы әуе рейсінен түскен азаматшаны тексеру барысында одан 23 200 АҚШ доллары анықталды. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды.

17 маусым 2022, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.