Атырау, 24 сәуір 07:25
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Еуразиялық экономикалық одақта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ – ЕЭК министрі

846 просмотра

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко Sputnik тілшісіне Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде импортты алмастыру шаралары қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Одақ елдерінің күш-жігерін біріктіру қажет болған пандемия кезінде ЕАЭО фармацевтерінің жинаған тәжірибесі қазір үлкен сұранысқа ие, деп атап өтті министр.

"Дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдетуге бағытталған бірқатар басқарушылық шешім қабылданды, препараттардың бірыңғай тізімі әзірленді, Одаққа мүше барлық мемлекет үшін міндетті құжаттар дайындалды", - деп атап өтті Назаренко.

Пандемия кезінде логистикалық тізбектің бұзылуы, содан кейін Ресейге қарсы санкциялар енгізілуі көп проблеманың бетін ашты. Сондықтан импортты алмастыру мәселесі бүгінгі таңда басымдыққа ие болып отыр, деді Виктор Назаренко.

"Бүгінде бізде Еуразиялық одақ елдері өндірушілерінің дәрі-дәрмек шығаратын алаң құруға қызығушылығы зор болып отыр. Қазір белгілі бір дәрежеде импортқа сенуге болатынын, бірақ сонымен бірге өзіндік өндіріс, елдерде ғалымдардың ғылыми әзірлемелері болуы маңызды екенін барлығы жақсы түсініп отыр", - дейді ЕАЭО министрі.

ЕАЭО елдерінің импорт арқылы жеткізілетін дәрілерге тәуелділігі төмен. Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Министрдің айтуынша, бұл ортақ фармакология нарығының белсенді дамып жатқанының нәтижесі болып отыр.

"Дәрі-дәрмек өндірісіне қызығушылықтың артуы фармацевтикалық өнеркәсіпті нығайтуға әсер етеді деп ойлаймын. Бұл ЕАЭО елдеріне кем дегенде өз халқымыз үшін ең маңызды дәрілік заттардың негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Назаренко.

17 маусым 2022, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.