Атырау, 25 сәуір 21:32
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды

1 025 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұмыт болғаны Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Ал Тәуелсіздік күнін ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, - деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айта келе, «бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болғанын» атап өтті.

Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды, – деді президент.

Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек, .Қасым-Жомарт Тоқаев

16 маусым 2022, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.