Атырау, 6 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ауруханаға 9 адам түсті, бірақ уланғандар көп

Бейнежазба
1 113 просмотра

12-13 маусым күндері жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінен донер алып жеген атыраулықтар ауруханаға түсті. Арасында бір отбасының мүшелері де бар. Ауруханаға түскендердің ең кішісі - 1 жас 7 ай.

Ауруханаға жеткізілген науқастардың бүгінгі жағдайы туралы Атырау облыстық №2 аурухананың дәрігер-инфекционисті Әділбек МАХАШ айтып берді.

- Біздің стационарға 14 маусымнан бастап жедел ішек ауруларымен науқастар түсіп жатыр. Қазіргі кезде 9 науқас медиктердің тұрақты бақылауымен стационарлық ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр.

Дәрігердің айтуынша, 14 маусымда 3 науқас, келесі күні 5 науқас, кеше тағы бір науқас ауруханаға түскен. Сондай-ақ, учаскелік дәрігерге қаралып, үйден ем алып жатқан науқастар да бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

17 маусым 2022, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.