Атырау, 24 желтоқсан 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырауда 9 адам дүңгіршектегі донерден уланды

1 314 рет қаралды

Қазір зардап шеккендердің барлығы (оның ішінде жас жарымдағы бала бар) №2 облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар олардың жағдайын «орташа» деп бағалап отыр.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия БЕКЕШОВАНЫҢ айтуынша, бұл өңірімізде жыл басынан бері бірінші рет тіркеліп отырған тамақтан улану оқиғасы. Зардап шеккендер С.Датов көшесінде орналасқан «Afisha» жекеменшік дүңгіршегінде тауық етінен дайындалған дөнер тағамын тұтынған.  Осы жағдай бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. 
Атырау прокуратурасының мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірнеше сараптама тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 маусым 2022, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.