Атырау, 25 желтоқсан 16:00
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Демонополизациялау комиссиясы «Қазақтелекомның» ұялы байланыс саласындағы үлесін азайтуды ұсынып отыр

1 279 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның барысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің электр және байланыс нарығын монополиясыздандыру бөлігіндегі ұсыныстары қаралды.

Байланыс нарығын монополиясыздандыру шаралары аясында «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі үлесін азайту туралы ұсыныс жасалды.

Премьер-Министр аталған шаралардың экономикаға әлеуетті әсерін бағалау үшін айтылған тәсілдерді сарапшылық деңгейде пысықтауды тапсырды.

16 маусым 2022, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.