Атырау, 6 наурыз 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29

Жағажайлар маусымы ашылды

Сурет Бейнежазба
1 983 рет қаралды

Атырауда 15 маусымнан бастап Жайық жағалауындағы 4 жағажай шомылушыларға ресми ашылды: "Атырау" дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы жағажай, Тұрғындар қалашығындағы «Малибу» жағажайы, жаяу жүргіншілер көпірі қасындағы «LUCH» жағажайы және Мечников көшесіндегі «Акварай» бассейні.

Жағажайдағы құтқарушылар Атырау облыстық ТЖД-нің судан құтқару бөлімшесінің базасында жаттығудан өткен. 

- Қала тұрғындарынан кішкентай балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, өзенге түсу ережесі мен суға тұншыққан адамға алғашқы кезекте қандай көмек көрсету керектігі туралы нұсқаманы таратып жүрміз, - дейді ТЖД құтқарушылары.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

16 маусым 2022, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.