Атырау, 24 сәуір 12:01
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жылыойда мас полиция қызметкері бейнетаспаға түсіп қалып, жұмыстан қуылды

Бейнежазба
1 594 просмотра

Әлеуметтік желіде біреудің тас-талқаны шыққан көліктің жанында "азаматтық" сырт киім мен полиция қызметкерінің шалбарын киіп жүрген ер адамды бейнежазбаға түсірген видеосы тарады. Ер адам ішімдік ішкеннен әзер тұр, сөйлеуге мұршасы да жоқ. Кейін оның расында полиция қызметкері екені анықталды. 

Бейнежазба Жылыой ауданында түсірілген. "АЖ" ақпараты бойынша, ол Жаңа Қаратон кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы екен. Біз облыстық ПД сұрау салғанымызда, олар қысқа ғана: "Аталған факт бойынша қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылғанын қаперіңізге береміз" деп жауап берді. Онымен бірге Жылыой аудандық жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы орнынан алынған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

16 маусым 2022, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.