Атырау, 7 мамыр 22:03
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Еңбегі сіңген ардагерлерді еске алуға арналған баскетбол

1 418 просмотра

«Жусан арена» жаңа спорт кешенінде Гурьев және Атырау облыстарының баскетбол қайраткерлері - Баскетбол федерациясының президенті Ю.И.Шлыковты, Гурьев баскетболының негізін қалаушы Н.И. Тенді, Атырау облысының аға жаттықтырушысы В.И.Андрееваны, көптеген баскетболшыларды тәрбиелеген Т.Дәукенованы, Қазақстан құрамасының ойыншысы Ю.В.Моцковты, Шешен-Ингушетия және Гурьев облысы құрамаларының ойыншысы В.Чижовты, республикалық санаттағы төреші Д.Өтегеновті және т.б. еске алуға арналған қалааралық турнир өтті.

Жарыс түрлі шерумен басталды. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.Пустохайлов, облыстық білім беру басқармасының бас маманы Л.Бакирова, Мәскеуден келген қонақ, баскетбол ардагері Л.Трифонов, АМУ оқытушысы Е.Төлегенов құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандар о дүниелік болған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Турнирге «ISKER», «EGMG», «SNIGGERS», «Кульсары», «WESTERNWOLVES», «Исатай», «ВИА» командалары қатысты. Матчтар тартысты әрі қызықты өтті. Ақтық төрттікке жүлделі орындарды сарапқа салған 4 команда кірді. 3-орын үшін өткен кездесуде «EGMG» мен «Исатай» кездесті. Жеңісті «Исатай» командасы жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Ал алтын алуға «ISKER» пен «WESTERNWOLVES» таласты. Финалдық матчтың нәтижесі 83:76 есебімен WESTERNWOLVES командасының пайдасына шешіліп, турнир жеңімпазы атанды.

Жүлдегерлер медальмен, түрлі мақтау қағаздарымен, ал қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Төрешілер алқасы үздік ойыншыларды анықтады: Александр Чигрин («EGMG»), Төлеген Балғымбаев («ISKER»), Ибрагим Жеңісов («WESTERNWOLVES») және Сабыржан Ибрагимов («Исатай»).

Турнир, қатысушылардың пікірінше, дәстүрлі түрде өтуі керек.

В. Пустохайлов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, баскетбол ардагері

15 маусым 2022, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.