Атырау, 21 ақпан 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Маңғыстау облысында кеніш алаңында өрт болып, бір адам қаза тапты

1 491 рет қаралды

15 маусымға қараған түні Қарамандыбас кен орнында болған өрт бір адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Өзенмұнайгаз" АҚ-ның Қарақия ауданы аумағындағы кен орнында оқыс оқиға кезінде "Кезби" ЖШС жұмысшысы өрт болған аумағынан шыға алмай қалған. Аталған деректі облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.

"Кеше түнгі сағат 23:50 де Қарақия ауданы аумағындағы "Өзенмұнайгаз" АҚ игеріп отырған Қарамандыбас кен орнында өрт болды. Мұнайгаз компаниясының №2 мұнай-газ өндіру басқармасыда АПРС-40 қондырғысы мен №49 топтық қондырғысының ұңғымасы отқа оранған. Өртті сөндіру бір сағатқа созылды. Оқиға орнынан жанып кеткен адамның мәйіті табылып, қазір апаттың шығу себебі анықталып жатыр",- деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала анықталған дерек бойынша өртеніп кеткен жұмысшы 1979 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны. Марқұм "Өзенмұнайгаз" АҚ тапсырысын орындаушы "Кезби" ЖШС-нің машинисі болып қызмет еткен.

15 маусым 2022, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.