Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда қаңғыбас ит тым көбейіп кеткен

1 888 рет қаралды

Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың 6 айында Атырауда 112 адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған 70 баланы ит қапқан. 

– Уәкілетті органның қаңғыбас иттерді аулау шараларының тиімсіздігіне байланысты ұсыныс енгіздік. Прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылды, – дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім басшысы Ерлан КӘКИЕВ. Оның айтуынша, өткен жылдары ветеринария органдарының иттерді ату бойынша жалған құжат ұсынуы және тиісінше осы қызмет түрлерін көрсеткен кәсіпкерлерге бюджет қаражатын артық аудару фактілері анықталған. Тиісті қадағалау актісі енгізілді. 

Бүгінде жануарларға қарым-қатынаста, оның ішінде қаңғыбас иттерді аулау кезінде заңдылықтың сақталуы қала прокурорының жеке бақылауына алынған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 маусым 2022, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.