Атырау, 7 мамыр 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырауда алимент төлеуден жалтарған әке бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1 089 просмотра

Қазіргі уақытта Атырауда 153 адам алимент төлемей, балаларына 195 миллион теңгеден астам қарыз болған. 

Атырау тарихында алғаш рет осындай әкелердің біріне қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Енді оған ҚР Қылмыстық кодексінің «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» деп аталатын 139-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Ер адам ресми түрде жұмыс істеген, бірақ табысын жасырып, 6 жыл бойы алимент төлемеген. Осы уақыт ішінде алимент бойынша қарыз 3,5 миллион теңгеге жеткен. 

Бүгінде тергеу амалдары аяқталып, Атырау қаласы прокуратурасының бастамасымен қылмыстық іс сотқа жолданды. Былтырдан бері прокуратураның ұйғарымы бойынша борышкерлерден 50 миллион теңге алимент өндірілген. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 маусым 2022, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.