Атырау, 24 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жер көп, бірақ... жетпейді

1 428 просмотра

Бүгінде аудандарда малға қысқы азық дайындау үшін шабындық жер бөлу мәселесі қызу талқыға түсіп отыр. 

- Есебіміз бойынша, аудандар мал азығының 70-80 пайызын өз жерінен дайындайды деп отырмыз. Мақат ауданында шабындық жер жоқ. Бұл аудан үшін шабындық жер Қызылқоға ауданынан беріледі. Ал Жылыой ауданы шабындығы аз болса оларға да осы көршілес Қызылқоға ауданы мен Ақтөбе облысы Ойыл ауданынан пішен дайындауға жер берілмек болып келісіп жатыр. Исатай ауданы Құрманғазы ауданынан, Индер, Махамбет аудандары Батыс Қазақстан облысының Тайпақ, Жаңақала аудандарынан жер алуға келісім жасақталуда. Шабындық жер арнайы құрылған комиссия арқылы өтініштер бойынша бөлініп беріледі. 20 маусымнан бастап шөп науқаны қолға алынатын болды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Амангелді САЛАМАТ.

 «Шопан ата» қауымдастығының төрағасы Ғазиз ҒАБДУЛЛИН Қызылқоға ауданындағы Ресейдің полигон жерлерінен алынған шабындық жерлерді уақытылы бөлу қажет деп есептейді:

- Жақында екі шаруа қожалығы сол жерден рұқсат бермегеніне қарамай, шөп шапты деп айыптады биліктегілер. Онсыз да көбелектер қаптап, қурамай тұрғанда шаруашылықтар тезірек тиесілі шөбін шауып, тасып алғысы келеді. Ал жер бөлу әлі нақтыланған жоқ.

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан НҰРАЛИН түсіндіріп жіберді:

- 2017 жылы аталған жер учаскесінің 624 мың гектары қажеттілігі болмауына орай Қызылқоға ауданының иелігіне кері қайтарылды. Ресейде 125 гектар ғана қалды. Биыл шөбі шүйгін, қалың аумақтары Қызылқоға ауданына қарасты он шаруа қожалығына бөлініп беріліп, жұмыстарын бастап жатыр. Мал азығының бағасын халыққа қол жетімді бағада ұстау үшін аталған қожалықтармен меморандумға отыру негізінде 1 орам шөпті (250 кг) бағасы 6000 теңгеден сату жөнінде келісімге келді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

16 маусым 2022, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.