Атырау, 8 мамыр 06:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ескі сағаттар әлі жүріп тұр

1 203 просмотра

Таныс болыңыз, Афанасий РАМАЗАНОВ, әулетімен сағатшы. Ол 44 жыл бойы сағат жөндеумен айналысады. Заманауи гаджеттер әлемінде ескі механизмдерге орын жоқ секілді көрінеді. Алайда біздің кейіпкеріміздің жұмысы қызу жүріп жатыр, келуші жеткілікті.

Қазір сағатшының кім екенін бәрі біле бермейді. Бұрын бұл санаулы мамандық өкілдері өте жоғары бағаланды, өйткені бәрінде сағат болды – қол сағатын, қалта сағатын, қабырға сағатын әлсін-әлі жөндеу қажет болатын.

...Мен онымен кездейсоқ таныстым. Жақында ғана Азаттық даңғылының бойымен келе жатып, шағын дүңгіршекке көзім түскен еді.

– 15 жасымда шеберханада әкеме көмектесе бастадым. Бұл кәсіп маған мұраға қалды деуге болады. Ал әкеме оның әкесінен жеткен, ол кісі бұл қолөнердің қыр-сырын үйреткен. Әскерден кейін «Рембыттехника» АҚ-на жұмысқа орналастым, қазіргі орнымда 1988 жылдан бері жұмыс істеймін. Қазір бар білгенімді ұлыма үйретіп жатырмын, – дейді Афанасий Магомедович әкесінің ісін жіті қадағалап отырған жас жігітті меңзеп.

Біз сөйлесіп отырдық, ал Афанасий Рамазанов бұл уақытта сағаттарды жөндеп отырды. Алдындағы шағын үстел үстіне бұрандалар, ұсақ механизмдер ұқыпты қойылған. Сағат тықылы мені медитациялық көңіл-күйге бөлеген еді. Сол кезде сонау балалық шағымда естіген дыбыс естілді. Жалт бұрылдым, көкек сағат екен.

- Кеңес дәуіріндегі сағаттар әлемдегі ең жақсы сағаттар деп саналғаны рас па?- деп сұрадым.

– Ең жақсысы деп айтпас едім, бірақ үздік бестіктің қатарында болды.

Көп ұзамай әңгімемізді қолдан жасалған қабырға сағатын әкеліп, механизмін ауыстыруды өтінген адам бөлді. Менің кейіпкерім оларды аз уақытта жөндеп берді. Сағат жөндеу, әрине, 100% қол жұмысы. Алдымен олар бөлшектеледі, диагностика жүргізіледі, шебер қандай бөліктерді ауыстыру керектігін анықтайды, кейде оларды шебердің өзі жасайды немесе қажетті параметрлерге жеткізеді. Содан кейін механизм қайта құрастырылады да сағат су жаңа болып, жұмыс істейді.

Жақын адамынан сағатты сыйға алған және олар үшін естелік боп қалған клиенттер бар; тұрақты клиенттері көп, жаңа тапсырыс берушілер де бар. Афанасий Магомедович айтқандай, оның бұрыннан келе жатқан егде клиенттері қазір бұл дүниеден өтіп кеткен.

Сағатшыларға келетін болсақ, олар ешбір жағдайда «табиғатты тастап кетпейді». Қазір көп адамның уақытты телефон мен гаджеттен бақылайтынына қарамастан, үйінде бәрінде дерлік қабырға сағаттары, оятқыштар бар. Қол сағаттары әлі қолданылады, өйткені бұл - ыңғайлы ғана емес, әдемі аксессуар ғой.

Ал кейіпкерімізге мықты денсаулық, өткір көз, әлі де өзекті болып отырған кәсібіне табандылық пен шыдамдылық тілейміз.

Елена СҮНДЕТОВА

Суретті түсірген автор

14 маусым 2022, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.