Әлеуметтік желіге қала тұрғындарының Әуезов көшесіндегі соңғы аялдамадан Құрманғазы мәдениет сарайына дейінгі жолдың бойындағы шұңқырларды өз күшімен тегістеп жатқан видеосы тарады. Олар жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұзақ күтті.
Жолдың жөндеу жұмыстары не себепті кешігіп жатқанын Атырау қаласы әкімдігі тұрғындар қалашығына алдымен кәріз жүйесі жүргізу жоспары тұрғанын айтып түсінік берді.
- Әуезов көшесіндегі автокөлік жолының астында ауыстыруды қажет ететін, тозығы жетіп тұрған кәріз құбырлары бар. Қазіргі кезде ол жермен жаңа кәріз құбырын жүргізу бойынша жобаға түзету енгізіліп жатыр. Жұмыстар жақын арада басталады. Кәріз құбыры ауыстырылғаннан кейін жаңа жол төселеді, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды