Атырау, 13 қазан 04:24
 дождьВ Атырау +19.5
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырау бақылауға алынған

1 432 рет қаралды

Атырауда 3507 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 759 Жедел басқару орталығының камерасы, 1997 «Сергек» камерасы, ал 750 «Интеграция» камерасы.  

- Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға және құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал етеді. Жыл басынан жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторларымен 111 қылмыс әшкереленді, ал Жылыой ауданында 2 қылмыс «ізі суымай» ашылды, деді Полиция департаменті штаб басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Қайырлиев. 

Оның айтуынша, осы жылы аталған камералардың көмегімен 8671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 7522-сі Атырау қаласы аумағында тіркелсе, қалған 1149-ы Жылыой ауданы бойынша анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша «102» операторына 42260 қоңырау шалынған.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

14 маусым 2022, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.