Атырау, 6 қазан 05:32
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда онкологиялық ауру көрсеткіші 11,9 пайызға төмендеді

1 494 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы онкология диспансерінің директоры Эльмира Сапарова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Өткен жылдың соңындағы есеп бойынша өңірде қатерлі ісікпен ауыратын 1063 науқас тіркелді. Аурушаңдық құрылымына келер болсақ, бірінші орында өкпе рагы, екінші орында сүт безі, үшіншіден колоректалді обыры, төртінші асқазан обыры асқынып тұр. Облыста жатыр мойны және сүт безі обырын анықтау үшін әйелдерді скринингтік тексерудің қорытындысы 92,0% және 94,0% қамтыды. Нәтижесінде, сүт безі обырының 26 жағдайы, жатыр мойны обырының 16 жағдайы және тоқ ішек қатерлі ісігінің 5 жағдайы ерте сатысында анықталды, - деді Э.Сапарова.

Оның айтуы бойынша, онкологиялық қызметтің жылдық қорытындысына сәйкес, өлімнің төмендеуі 100 мың тұрғынға шаққанда 74 пайызды құрайды. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін және өлімді алдын алу мақсатында тұрғындардың емханаларға дер кезінде жүгінуі қажет екенін айтты.  

Ал, облыста жыл басынан бері қатерлі ісікпен 241 науқас тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 науқасқа азайып, ауру көрсеткішінің динамикасы 11,9 пайызға төмендеген.

Айта кетейік, Атырау қаласындағы онкология диспансері 1973 жылы құрылған. Осыған байланысты, келер жылы онкология диспансері мен радиологияның жаңа ғимараты салынбақ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 маусым 2022, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.