Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Жәрдем» пойызы

1 624 рет қаралды

13 маусымнан бастап «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы Атырау облысындағы шалғай станциялар мен жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

13 маусымда Туманное, 15-16 маусым Аққыстау, 17-18 маусым Нарын, 19-20 маусым Исатай, 21-22 маусым Афанасьево, 23-24 маусым Ганюшкино, 25-26 маусым Жамансор, 27-28 маусым Мұқыр тұрғындарын таңғы 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін медициналық пойыздың мамандары қабылдайды.

- Терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, психолог және дерматовенеролог бар, - деді «Жәрдем» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр ЕГІНБАЕВА. - Медициналық пойызда биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және  диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 маусым 2022, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.