Атырау, 6 қазан 05:34
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Құрт көбелектердің көбею қаупі сейілді»

1 451 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ құрт көбелектерді жою жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қ.Нұрлыбаевтың айтуынша, бүгінде егін алқаптарындағы 20 мың гектар жерге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 7 500 гектар жерді өңдеу қажеттігі белгілі болып, 4 500 гектар егін алқабына улау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 800 гектар шаруашылықтың өз күшімен, қалғаны жергілікті бюджеттен және демеушілік қолдау арқылы жүзеге асырылды.

- Құрт көбелектердің егіс алқабына зиян келтіру жағдайы тіркелген бойда Батыс Қазақстан облысынан улау жұмыстарын жүргізетін арнайы мекеменің мамандары шақырылды. Егіншілікпен айналысатын Индер, Махамбет, Қызылқоға аудандарындағы алқаптарда жұмыстар әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыста құрт көбелектердің көбею қаупі сейілді. Өз тарапымыздан шаруа қожалықтарына аталған жағдайға байланысты алдын алу шаралары бойынша кеңес беру және дәрімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, - деді Қ.Нұрлыбаев.

«Абай» шаруа қожалығының жетекшісі Жанболат БИСЕКЕНОВТІҢ айтуынша, ол өз тәжірибесінде мұндай жағдайға бірінші рет кезіккен. Құрт көбелектің егін алқабына түспеуі үшін ерте қамданған шаруалар да бар. Солардың бірі - «Кан Г.В» шаруа қожалығы. 

- Көршілес Астрахань облысында осындай жағдайға тап болғанын естіп, бірден улау жұмыстарына кірістік. Міне, соның нәтижесінде құрт көбелектер егінге кіре алмады, - дейді «Кан Г.В» шаруа қожалығының жетекшісі Андрей КАН.

... Айта кетейік, өңірде 300-ге жуық шаруа қожалығы бар. Оның 100-ге жуығы құрт көбелектен зардап шеккен.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 маусым 2022, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.