Атырау, 24 сәуір 16:30
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жаңа облыстардың әкімдері тағайындалды

1 337 просмотра

Қазақстанда жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының әкімдері тағайындалды. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, жаңа министрлер белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ең маңызды тағайындауларды жинап шықты.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Семейде Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты. Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер - Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді. 

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқа дауыс берген.

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі қызметіне кірісті

Жаңадан құрылған Жетісу облысына әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды. Оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Исабаев бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты болған. 

Ұлытау облысының әкімі белгілі болды

Берік Әбдіғалиұлы жаңа облыс - Ұлытаудың әкімі лауазымына тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.

Осы күнге дейін мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды. 

Алматы облысының әкімі тағайындалды 

Алматы облысының бұрынғы басшысы Қанат Бозымбаев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтен кетті. Оның орнына Марат Сұлтанғазиев келді.

"Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ол мансабын Алматы қаласының салық жүйесінде жұмыс істеуден бастады. Одан кейін қаржы министрлігінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Кейіннен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысты. Ал 2018 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік кірістер бөлімін басқарды. Сондай-ақ, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы болып жұмыс істеді.

Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып тағайындалды 

Бұрынғы БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. 

"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада. 

Ғылым және жоғары білім министрлігіне басшы тағайындалды  

Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министр болып тағайындалды. 

Бұған дейін ол National Geographic Kazakhstan ізгі елшіcі, BTS Education компаниясының басшысы қызметтерін атқарды. 

13 маусым 2022, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.