Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мемлекетке 500 млн теңгеге жуық көлемде зиян келтірген қылмыстық топ әшкереленді

1 434 рет қаралды

ҚМА елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар осы әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттен өндіріледі.

13 маусым 2022, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.